среда, 14 мая 2014 г.

Тобық Жармағамбетов

 

Жерлесіміз жазушы Тобық Жармағамбетов пен ақын Сағи Жиенбаевтың 80 жылдығына арналған «Жемнің жарық жұлдыздары»облыстық үздік кітапханалық блог байқауы




Тобық Жармағамбетов 
(1934-1973)

Жармағамбетов Тобық Мырзағұлұлы 1934 жылы Жарқамыс ауылында туған. Жазушы. 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1957-59 жылдары Жарқамыс орта мектебінде мұғалім, 1959-73 жылдары Байғанин аудандық «Жаңа өмір» газетіне жауапты хатшы, редактордың орынбасары, Ақтөбе телевидениесінде аға редактор, бас редактор болды, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде, облыстық мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында қызмет атқарды.
Тобық Жармағамбетов шығармашылық қызметін 50-жылдардың аяғында бастады, ол нағыз талантқа тән тереңдікпен, ойшылдықпен, сыршылдықпен қалам тербеп, уақыт, заман талабына сай салиқалы ой, салмақты жүк арқалаған шығармалар жазды. Үлкен бір повеске пара-пар «Отамалы» әңгімесі қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл мұра болып қалды. «Ақ жауын» повесінде 30-жылдардағы қиын кезең туғызған халық қозғалысын, сол кездегі жіберілген өрескел қателіктерді батыл ашып көрсетті, «Бәйтеректің жас шағы» повесінде халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің өмір жолының кейбіт сәттерін оқырманға шебер суреттеу арқылы жеткізді. 60-жылдардағы ауыл жастарының тіршілігі, сырласу, нәзік сезім, шын сүйіспеншілік, қазақ ауылының көрікті бейнесі «Нәзік бұлттар» деп аталатын повесінде көркем бейнеленді. Т.Жармағамбетовтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл өміріне арнап жазған «Қара жаңбыр» атты туындысы да көпшілік оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленді. Жазушы адамгершілік, достық, махаббат тақырыбына арнап «Екі жүрек», «Екі дос», «Менің достарым», «Кішкентай махаббат» атты әңгімелер жазды.
Т.Жармағамбетов есімі Қарауылкелді селосындағы бір көше мен орта мектепке берілген.




Тобык Жармагамбетов родился в 1934 году в поселке Жаркамыс Байганинского района. По окончании филологического факультета КазГУ он работал учителем средней школы, был заместителем редактора Байганинской районной газеты, главным редактором Актюбинского телевидения, журналистом областной газеты «Коммунизм жолы». 
Первая книга Т. Жармагамбетова - повесть «Нежные облака» - выпущена издательством «Жазушы» в 1966 году. В 1968 году в том же издательстве вышел сборник повестей и рассказов писателя «Два сердца».
За свою короткую 39-летнюю жизнь Жармагамбетов успел оставить яркий след в казахской литературе. Его перу принадлежат книги «Сонгы хат», «Назiк булттар», «Кызыл ай», рассказы «Отамалы», «Хатттар, хаттар», получившие высокую оценку у читателей.  При жизни писателя вышли три его книги, после его смерти были изданы остальные. Имя писателя носят Караулкельдинская средняя школа № 2, улица в селе Байганин. На доме, в  городе  Актобе,  где жил Т. Жармагамбетов, установлена памятная доска.

 Сағи Жиенбаев
(1934-1994) 


Сағи Жиенбаев 1934 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында туған. Қазақтың көрнекті ақыны, лирик. Жарқамыс орта мектебін, Қызылорда педагогтік институтын бітірген.

1955 жылдан Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын бітіргеннен кейін Жезқазған қаласының №10 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді.

1956 жылдан әдеби қызметке ауысып «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері» газеттерінде, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, 1965-84 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі болып істеді. Соңғы жылдары «Ақ Орда» журналының бас редакторы болды.

Сағи Жиенбаев көптеген жыр кітаптарының авторы. Оның алғашқы «Қарлығаш» атты өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көріп, қалың оқырманды ақындық аса нәзік, ерекше тынысымен баурап алды. Бұдан кейін ақынның «Сыйлық» (1960), «Дала гүлі» (1961), «Теңіз сыры» (1963), «Таң алдында» (1964), «Менің көршім» (1965), «Қайырлы таң» (1966), «Ақ толқын» (1967), «Ор киік» (1969), «Алтын қалам» (1971), «Жадымдасың жас күнім» (1972), «Әлия» (1973), «Оймауыт» (1975), «Ақ самал» (1976), «Құралай салқыны» (1979), «Бозторғай» (1980), «Іңкәр дүние» (1981), «Жарық жұлдыздар» (1983), «Нан мен тұз» (1984), тағы басқа көптеген жыр жинақтары оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.

Сағи Жиенбаев түрлі тақырыптарға қалам тербеді, оның өлеңдерінің біраз бөлігі Ұлы Отан соғысының ауыр кезеңіндегі ауыл өмірін суреттеуге, соғыс зардаптарын бала көңілі арқылы бейнелеуге, туған жерге деген сағынышты, адамдар арасындағы сан қилы қарым-қатынастарды көрсетуге арналды. Ақын өлеңдерінде табиғат әсемдігі, жан сұлулығы, махаббат, басқа да кіршіксіз сезім иірімдері асқан шеберлікпен өрнектеліп, көрініс табады, лирикалық жыр жолдары оқырман жүрегін жаулап алады.

Өзінің 40 жылдық шығармашылық қызметінде Сағи Жиенбаев айрықша ақындық үнімен танылды. Дүние құбылыстарын барынша кемел де келісті бейнелейтін шебер дәрежесіне көтерілді. Ол 30-дан астам өлеңдер мен поэмалар кітабының авторы. Әсіресе оның Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова мен Нүркен Әбдіров туралы дастандары, диқандар жайындағы өлеңдері көпшіліктің жүрегінен орын алды. Сағи Жиенбаев поэзиясының айтулы қасиеті – Отанға, туған жерге, биік адамдық атқа деген өте нәзік те асқақ сезімінде.

Ақынның ең таңдаулы өлеңдері музыка тілінде сөйлеп, «Қарттарым аман сау жүрші», «Ана», «Елім менің», «Бейбітшілік жыры», «Ашық аспан», «Ауыл азаматтары», «Таң бұлбұлы», «Соғыс ардагерлері», «Қайдасың сен», «Дәурен-ай» т.б. өлеңдері халық арасына кең тарап кетті. Ақын композитор Ғазиза Жұбанованың «Еңлік-Кебек», Базарбай Жұманиязовтың «Махамбет» операларына либреттолар жазды.

Сағи Жиенбаев әлем поэзиясының аудармашысы ретінде жемісті еңбек етті. Оның аудармасында Байронның, Пушкиннің, Туманиянның, Лермонтовтың, Гамзатовтың және басқа әлем әдебиетінің классиктерінің өлмес туындылары қазақ тілінде тамаша сөйледі.

Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі ретінде ол қазақ әдебиетінің жас өркенін әсіресе, лирика жанрындағы ізбасарларын тәрбиелеп өсіруге көп күш жұмсаған. Өнегелі еңбектері орыс, украин, армян, түрікпен, грузин, қызғыз және басқа ТМД халықтары тілдеріне аударылған. Сондай-ақ неміс, поляк, чех, монғол, француз тілдеріне де аударылып жақын және алыс шетелдерде басылып шықты.

Сағи Жиенбаев қазақ әдебиетін дамытудағы үлкен еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, басқа да үкімет наградаларымен марапатталған.

Көрнекті ақын, нәзік сезімді суреткер, поэзия зергері және ақындардың әлденеше буынының ұстазы Сағи Жиенбаев 1994 жылы 15 мамырда 61 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

Халық мұратына, елдің еншісіне айналған көрнекті ақын Сағи Жиенбаевтың парасатты поэзиясы оқырманның жүрегінен орын алып, уақыт озған сайын мағыналы бола түсуде.

Сәулелі сөздің шебері, жаны жайдары ақын Сағи Жиенбаевтың мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан – ғасырға жалғаса береді.

Сағи Жиенбаевтың есімі Қарауылкелді поселкесіндегі бір көшеге, Ақтөбе қаласындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасына, Байғанин ауданы Оймауыт ауылындағы Жаңажол орта мектебіне берілді.



Саги Жиенбаев родился в 1934 году в поселке Жаркамыс Байганинского района Актюбинской области. В 1955 году окончил педагогический институт им. Гоголя в г. Кзыл-Орде. Работал учителем средней школы в г. Джезказгане, а с 1956 года - в печатных органах Союза писателей Казахстана («Казах адебиети», «Жулдыз»). Являлся редактором отдела поэзии издательства «Жазушы».

Читатели познакомились с первым сборником стихов молодого поэта «Карлыгаш» («Ласточка») в 1959 году. Впоследствии на казахском языке были изданы сборники стихов «Сыйлык» («Подарок», 1960), «Дала гули» («Степной цветок», 1961), «Сырлы тениз» («Тайна моря», 1963), «Тан алдында» («На заре», 1964), «Менин коршим» («Мой сосед», 1965), «Кайырлы тан» («С добрым утром», 1966). «Ак толкын» («Белые волны», 1967), «Газель» (1969). В 1969 году вышла книга стихов на русском языке «Я помню ту весну».

Поэт С. Жиенбаев занимался переводом на казахский язык произведений русских и зарубежных писателей. Ему принадлежат переводы некоторых произведений Байрона, Тагора, Мицкевича, Твардовского, Гамзатова, Межелайтиса, Кугультинова и др.

Комментариев нет:

Отправить комментарий